Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
63,5 келі салмақта Мұхамедсабыр 1/8 финалда Қытайлық Тайпей өкілі Чу Ен Лаймен күш сынасты. Мұхамедсабыр төрешілер шешімімен жеңіске жетті – 3:2.
Енді қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы грузиялық Лаша Гурули болады.
Айта кетейік, Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Ойер Конде Ибарречемен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді.
6
One Response