Мазақ қылған. Неміс пен ағылшын фанаттары жаппай төбелесті. ВИДЕО

Еуро-2024 матчынан кейін неміс пен ағылшын жанкүйерлері жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Daily Mail ақпараты бойынша, Англия құрамасының фанаттары неміс жанкүйерлерін мазақ қылған. Себебі кеше Германия құрамасы өз еліндегі Еуропа чемпионатынан ұшып кеткен болатын. Жиырмаға жуық ағылшын германиялық фанаттарды мазақ етіп, оларға тіл тигізген.

Салдарынан жанкүйерлер арасында төбелес басталып кетіпті. Бұл іске полиция қызметкерлері араласқаннан кейін ғана жағдай оңалған.

Еске салайық, Германия құрамасы Еуро-2024 ширек финалда Испаниядан 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Ал Англия құрамасы бүгін ширек финал аясында Швейцариямен күш сынасады.

Англия – Швейцария: тағы овертайм ба? Болжам

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар