“Жігітім де жоқ”. Әбиба Әбужақынова болашақ жарына талабын айтты

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова ҚазАқпаратқа берген сұхбатында тұрмыс құру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Негізі, осы Олимпиадада арманым орындалғанда міндетті түрде болашақ жарымды тауып, тұрмысқа шығып, бесігімді тербетіп үйде отырғым келген. Осы жолы жеңіліп қалғаннан кейін ол ойымнан айнып қалдым. Қазір жігітім де жоқ. Егер мені түсініп, 2028 жылғы Олимпиадаға дейін күтемін деген азамат болса, тұрмысқа шығуға дайынмын”, – деді Әбужақынова.

Айта кетейік, Әбиба Париж Олимпиадасында бесінші орын алған болатын. Алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен жекпе-жек өткізіп, 1:0 есебімен басым түскен еді. 1/8 финалда Тайпей өкілі Лин Чен-Хаоны 19 секундта “иппон” әдісімен жеңген еді. Ширек финалда испаниялық Лаура Мартинеске есе жіберіп алды. Ал жұбаныш белдесуде парагвайлық Габриела Нарваэспен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Бірақ қола медальға таласта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар