Жүрегі тоқтап қалған. Мысыр құрамасының ойыншысы қайтыс болды

Мысыр құрамасы мен “Модерн Фьючер” клубының ойыншысы Ахмет Рефаат 31 жасында көз жұмды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Мысыр футбол қауымдастығының ақпараты бойынша, Рефаат 2024 жылы наурызда Мысыр чемпионатындағы “Әл-Иттихад Сакандариге” қарсы матчта жүрегі тоқтап, көгалға құлаған. Кейін ауруханаға жеткізіліп, бақылауда болған еді.

Ойыншының нақты неден қайтыс болғаны хабарланбады. Бірақ соңғы күндері Рефааттың жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға қайта түскені айтылады.
Рефаат 2023/24 жылғы маусымда 5 матч өткізіп, екі гол соққан. Сондай-ақ, Мысыр құрамасы сапында жеті матчқа қатысып, екі голдың авторы атанған.
Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *