Қазақстандық боксшы Валетина Хальзова Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Әйелдер боксынан 75 келіге дейінгі салмақта Хальзова 1/8 финалда жұдырықтасты. Оның қарсыласы панамалық Атеина Бибечи Билон болды. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Хальзова әйелдер боксында Олимпиададан ұшқан алғашқы қазақстандық болды. Алда Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова 1/8 финалда өз жекпе-жектерін өткізеді.
5
2 Responses