Нұрлыхан Шархан Олимпиаданы ауыр жеңіспен бастады

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Шархан 1/16 финалда бельгиялық Тома Никифоровпен белдесті. Дзюдошылар үшін жекпе-жек ауыр өтіп, бельгиялық спортшы үш рет шидо алып, Шархан жеңіске жетті.

Енді ол 1/8 финалда өзбекстандық Музаффарбек Турабоевпен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Париж Олимпиадасында дзюдошыларымыз екі жүлде жеңіп алған еді – Елдос Сметов алтын, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль еншілеген болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар