“Астана” Алматыда Молдова клубын жеңді

“Астана” УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Елордалық клуб екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Алматыда молдовалық “Милсамиді” қабылдады. Алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелген еді.

Алматыдағы Орталық стадионда “Астана” 1:0 есебімен жеңді. Ойынның 49-минутында Марин Томасов гол соқты. Көп ұзамай “Милсами” он футболшымен қалды – Име Ндон алаңнан қуылды.

Енді “Астана” келесі кезеңде “Корвинул” (Румыния) – “Риека” (Хорватия) жұбының жеңілгенімен кездеседі.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

2 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар