Париж Олимпиадасы: 1 тамыздағы нәтижеміз қандай?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 1 тамызда қазақстандықтар төрт спорт түрінде бақ сынады. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 1 тамызда нәтижесін LIVE режимде ұсынады.

Бұл жарыс күні де қазақстандықтар үшін сәтті бола қоймады. Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 1/8 финалда жеңіліп қалды.

Нысана көздеуден Александра Ле мен Арина Алтухова іріктеуден өте алмады. Ле Қазақстанға бір қола жүлдемен қайтады.

Боксшылар Айбек Оралбай мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы болса, жартылай финалға шыға алмады.

Ал Назым Қызайбай әйелдер боксы турнирінде ширек финалға жолдама алды.

Садақ ату
1/32 финал. Ерлер
Дәулеткелді Жаңбырбай – Хорхе Энрикес (Колумбия) -3:7
1/32 финал. Ерлер
Александр Еременко – Баптист Аддис (Франция) – 2:6

Дзюдо
Ерлер, 100 кг дейін
Нұрлыхан Шархан – Тома Никифоров (Бельгия) – 1:11

Нысана көздеу
Үш позициядан 50 метрден винтовкамен ату. Іріктеу. Әйелдер
Александра Ле – 10-орын (587-28х), финалға өткен жоқ
Арина Алтухова –
13-орын (586-35х), финалға өткен жоқ

Бокс
Әйелдер, 50 кг. 1/8 финал
Назым Қызайбай – Каролин Брабоса де Алмейда (Бразилия) – 5:0
Ерлер, 92 кг. 1/4 финал
Айбек Оралбай – Лорен Берто Альфонсо Домингес (Әзербайжан) – 2:3
Ерлер, 63,5 кг. 1/4 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Лаша Гурули (Грузия) – 2:3

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар