Қаһарман Шайзада. “Ордабасы” Люксембург клубын пенальтимен жеңді

Шымкенттік “Ордабасы” Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Ел чемпионы еурокубок аясында өз алаңында люксембургтік “Дифферданжды” қабылдады. Бір апта бұрын алғашқы матчта Люксембург ұжымы 1:0 есебімен жеңген болатын.

Шымкенттегі қарымта матчта жеті гол соғылды. Есепті 2-минутта “Дифферданж” ашты – Гийом Трани гол соқты. Артынша Тео Бруско допты өз қақпасына тоғытып, таразы басы теңесті.

Екінші таймның басында екі команда да гол соғып шықты, Асхат Тағыбергеннің добына Жоржиньо жауап қатты.

Ал ойынның 82-минутында Всеволод Садовский көзге түсіп, ойынды овертаймға ауыстырды. 115-минутта Бауыржан Исламхан пенальтиден гол соға алмады.

Бірақ кездесу соңына қарай екі ұжым тағы да алма кезек гол салды. 117-минутта Сағадат Тұрсынбай пенальтиден жеңіс голын соққандай көрінген, ойынның соңғы минуттарында Жоржиньо тағы да қанжығасын майлады – 3:2.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша есеп 3:3 болып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал бұл жақта шымкенттіктер дәлдік танытты. Бекхан Шайзада үш соққыны кері қайтарды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар