Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Рейтингтегі қазақстандық боксшылардың орындары:
Ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко 15-орында қалды.
Екінші орта салмақтағы рейтингте оныншы орында болған Бек Нұрмағанбет рейтингтен түсіп қалды.
Бірінші жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров жетінші орынға көтерілді, ал Батыр Жүкембаев тоғызыншы орында қалды.
Сұлтан Зәуірбек төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді.
Еске салайық, Зәуірбек өткен айда WBA Continental титулы үшін өткен екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жекте аргентиналық Роман Рубен Рейносоны бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
14-орында болған екінші аса жеңіл салмақта сынға түсетін Евгений Павлов топ-15 рейтингінен шығып қалды.