“Ордабасының” келесі қарсыласы белгілі болды

“Ордабасының” Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды  “Екінші Тайм”.

Турнирдің бұл кезеңінде шымкеттік команда армениялық “Пюникпен” кездеседі. Алғашқы матч 8 тамызда Шымкентте, ал қарымта кездесу 15 тамызда Ереванда өтеді.

Кеше ел чемпионы еурокубок аясында өз алаңында люксембургтік “Дифферданжды” қабылдады. Екі матч қорытындысы бойынша есеп 3:3 болып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал бұл жақта шымкенттіктер дәлдік танытты. Бекхан Шайзада үш соққыны кері қайтарды.

Айта кетейік, Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіне елодалық Астана” да жолдама алған болатын. Олар келесі кезеңде румыниялық “Корвинул” кездеседі.  Бұл команда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде хорватиялық “Риекадан” жеңіліп қалған болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар