“Спортта мықтылар жеңіске жетеді”: Бас бапкер академиялық есудегі нәтижені саралады

Академиялық есуден Қазақстан командасының бас бапкері Аслан Құсайынов Париждегі Олимпиада ойындарын қысқаша қорытындылап өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған спорт түрінен сынға түскен Владислав Яковлев 25-орын алған болатын.

“Яковлев осы Олимпиадада төрт рет сынға түсті. Соңғы екі жарыста жеңіске жетті, бұл жалпы есептегі 25-орын. Соңғы бәсекеде 6.59 уақыт көрсеткіші тіркелді. Бұл Владиславтың ең үздік нәтижелерінің бірі. Бар күшін салды.

Бұл – спорт, мұнда мықтылар жеңіске жетеді. Кім төрт жыл бойы жақсы дайындалса, соның жолы болады. Елге оралған соң бапкерлер сараптама жасап, қорытынды шығарады. Қателікпен жұмыс істейміз. Кәсіби спорт үнемі жетілуді талап етеді”, – дейді бас бапкер.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *