Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек әзербайжандық Мурад Аллахвердиевпен жұдырықтасты. Оралбай қарсыласын үш раунд қорытындысы бойынша жеңді.
Осылайша, Нұрбек Оралбай жартылай финалға шыққан алғашқы қазақстандық боксшы атанды және ол кем дегенде қола медальға қол жеткізді.
Нұрбек бұған дейін аустралиялық боксшы Каллум Петерсті жеңген еді.
45
3 Responses