Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
51 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сәкен Токио Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездесті. Бұл текетіресті жанкүйерлер “бокс эль-класикосы” деп атап кеткен. Сәкен алғашқы раундта төрешілер шешімімен жеңді. Екінші раундта Хасанбой басым болды. Ал шешуші үшінші раундта өзбек боксшысы жеңіске жетті.
Бибосынов бұған дейін түркиялық Самет Гумусты сенімді жеңген еді.
6
One Response