Париж-2024: дзюдошыдан допинг табылды

Ауғанстандық дзюдошы Мохаммад Самим Файзадтың Париж Олимпиадасындағы сынамасынан допинг табылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бұл жайында Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) жариялады.

Файзадтың 30 шілдеде тапсырған сынамасынан тыйым салынған препарат – станозолол метаболиттері анықталған.

Спорт жарыстардан уақытша шеттетілді, ол Спорт арбитраж сотына (CAS) аппеляция бере алады.

Ауғанстандық спортшы 81 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда австриялық Вахид Борчашвилиден жеңілген еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *