Максим Самородов “Ахмат” сапына қосылды

Қазақстан құрамасы мен “Ақтөбенің” шабуылшысы Максим Самородов ресейлік “Ахмат” сапына ауысады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Грозныйлық клубтың спорт директоры Руслан Газзаев трансфер жайында мәлімдеме жасады.

“Самородов клуб сапына қосылды. Медициналық тексерістен өтіп қойды. Жақын арада ресми хабарлаймыз”, – деп келтірді Газзаевтың сөзін “Чемпионат”.

22 жастағы Максим осы маусымда “Ақтөбе” сапында 13 матч өткізіп, бес гол мен екі ассист авторы атанған.

Айта кетейік, “Ахматты” Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *