Қазақстан “күмістен” кейін медальдар есебінде нешінші орында тұр?

Қазақстан Париж Олимпиадасының сегізінші жарыс күнінде күміс медаль алғанына қарамастан, медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Кешегі жарыс күнін ұлттық команда 25-орында бастаған. Артынша Нариман Құрбанов күміс медаль иеленген еді. Қазақстан медальдар есебінде бір сатыға төмендеді. Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 26-орында. Бұл орынды Оңтүстік Африкамен бөлісіп тұр.

Қытай медальдар есебінде көш басындағы орнын ұстап тұр – 16 алтын, 12 күміс және тоғыз қола медаль. АҚШ (14-24-23) екінші орынға көтерілді. Ал Франция (12-14-15) үшінші орынға түсті.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 29-орында тұр. ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.

Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 57 мемлекет жүлде жеңіп алды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *