Қазақстан Париж Олимпиадасының тоғызыншы жарыс күнінен кейін медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Кешегі жарыс күнін ұлттық команда 26-орында бастаған. Ал қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 29-орында. Бұл орынды Оңтүстік Африкамен бөлісіп тұр.
Медальдар есебінде АҚШ көш басына шықты – 19 алтын, 26 күміс және 26 қола. Қытай (19-15-11) екінші орынға түсті. Ал Франция (12-14-18) үшінші орында қалды.
Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, олар 31-орында тұр. Ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.
Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 61 мемлекет жүлде жеңіп алды.
Олимпиада кестесі: 5 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?
24