Трансгендер ме? Боксшы Иман Хелифтің дауына нүкте қойылды

Алжирлік боксшы Иман Хелифке қатысты дау көбейген соң Олимпиада комитеті мәселенің мән-жайын айтып, нүктесін қойды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Комитет өкілі Марк Адамс баспасөз мәслихатын өткізді.

“Иман қыз болып туған, қыз болып тіркелген, әйел болып өмір сүрген, жұмысында да әйел, төлқұжатында да әйел. Ал оны трансгендер азшылығына жатқызу әділетсіз. Қыздың өзі өзін тіпті ешқашан ер адам деп санамаған”, – деді ол.

Мәселенің мән-жайы осы. Алжир Олимпиада комитеті де осынау “лас кампанияда” өз спортшысын қорғаймыз деп отыр.

Енді өмірі туралы дерек келтіре кетейін. Хелиф 1999 жылы мемлекеттік діні мұсылман, сүннит бағытындағы Алжирде, Тиарет ауылында туған. Бала кезінде футболмен айналысқысы келген, алайда “қыздар футбол ойнамайды” деген шеттетуге тап болған. Дәл осы футболда аса шебер ойнағанын көрген балалар оған тиісе бастаған. Хелиф өз сұхбатында сол балаларға қарсы тұру үшін боксқа барғанын айтып берген.

Осы жаттығуын жасау үшін ол күн сайын 10 шақырым жер жүруге тиіс болған. Тіпті нәпақа табу үшін металлолом өткізген екен.

Біле білсеңіз, Хелиф Токио Олимпиадасына қатысқан. Ешқандай гендерлік шектеу көрмеген. Онда тек ширек финалға жеткен. Ал 2022 жылы әлем чемпионатында күміс медаль алған тұңғыш алжирлік боксшы атанған.

Бар мәселе 2023 жылы шыққан, Халықаралық бокс федерациясы оны гендерлік тесттен өте алмады деген желеумен шеттеткен. Алайда осы зерттеудің толықтай нәтижесі әлі жарияланбаған. Ал мұндай тестілеудің күмәнді саналады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

3 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар