Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 5 тамызда қазақстандықтар төрт спорт түрінде бақ сынады. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 5 тамыздағы нәтижесін ұсынады.
Өкінішке қарай, бүгін бәрі біз ойлағандай болмады. Ту ұстаушы Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруден ақыры финалға өте алмады.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы стенд атудан микст жарысында іріктеуден өтпеді.
Грек-рим күресі бастауын алған еді – Әлімхан Сыздықов пен Айдос Сұлтанғали де жеңіліп қалды. Енді ертең олардың қарсыластары финалға шығуын күтеміз.
Стенд ату
Скит. Іріктеу. Микст
Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко – 12-орын (140), финалға шықпады
Жеңіл атлетика
200 м. Әйелдер. Жұбаныш кезеңі
Ольга Сафронова – өз тобында 6-орын (23.70), финалға шықпады
Грек-рим күресі
Ерлер, 130 кг. 1/8 финал
Әлімхан Сыздықов – Алин Алексус Чюрариу (Румыния) – 3:1
Ерлер, 130 кг. Ширек финал
Әлімхан Сыздықов – Сабах Шариати (Әзербайжан) – 0:4
Ерлер, 60 кг. 1/8 финал
Айдос Сұлтанғали – Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) – 3:6