Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының 11-жарыс күнінде байдарка мен каноэде жүзу жарысында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров алдын ала кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Қазақстандық спортшылар екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысуда мәреге бесінші болып жетті. Хайдаров пен Емельянов 1 минут 45, 94 секунд уақытын көрсетті. Үздік нәтиже көрсеткен екі жұп жартылай финалға тікелей жолдама алды. Ал қалған спортшылар, соның ішінде Тимур мен Сергей ширек финалда сынға түседі.
Еске салайық, бүгін боксшы Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының финалына шығуға тырысады. Әлем чемпионы Нора Джерута финалда бақ сынайды. Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 29-орында тұр.