Бүгін грек-рим күресінен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
77 келіге дейінгі салмақта Демеу 1/8 финалда колумбиялық Хаир Алексис Куэро Муньоспен кездесті. Бұл белдесуде Жадыраев қарсыласын 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Еске салайық, бүгін боксшы Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының финалына шығуға тырысады. Әлем чемпионы Нора Джерута финалда бақ сынайды.
28
3 Responses