Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының алдын ала кезеңінде байдарка мен каноэ есуден қазақстандық спортшылар Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий сынға түсті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбы байдаркамен 500 метрге жарысуда бақ сынап, бес дуэт қатысқан жарыста қазақстандықтар мәре сызығын соңғы болып кесті.
Үздік нәтиже көрсеткен екі жұп жартылай финалға тікелей жолдама алды. Ал Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий ширек финалда өнер көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейін байдарка мен каноэ есуден Қазақстан құрамасының спортшылары Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов және Мария Бровкова мен Руфина Искакова Париж Олимпиадасының жартылай финалына тікелей жолдама ала алмаған еді. Енді үш қазақстандық жұп Париж Олимпиадасының кешкі бағдарламасында жартылай финалға шығу үшін күресті жалғастырады.