Бүгін грек-рим күресінен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында екінші белдесуінде сенсация жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
34 жастағы Демеудің 77 келіге дейінгі салмақта ширек финалдағы қарсыласы қырғызстандық Ақжол Махмудов болды. Жадыраев бұл жекпе-жекте жеңіске жетіп, сенсация жасады – 3:1.
Айта кетейік, Жадыраев бұған дейін 1/8 финалда колумбиялық Хаир Алексис Куэро Муньосты сенімді жеңген болатын.
62
One Response