Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

50 келі салмақта Назым қытайлық Ю Вумен жұдырықтасты. Бұл жартылай финал жекпе-жегі болатын. Қызайбай қарсыласына жол берді.

Осылайша, қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Еске салайық, Назым алғашқы кезеңде италиялық Джордана Соррентиномен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекте қарсыласын сенімді жеңген болатын. Ал 1/8 финалда бразилиялық Каролин Брабоса де Алмейдадан басым түскен еді. Ширек финалда колумбиялық Ингрит Лорена Валенсия Викториядан айласын асырған.

Осылайша, бокстан Париж Олимпиадасының финалына бір ғана қазақстандық шықты. Нұрбек Оралбай ертең финалда жекпе-жек өткізеді.

Олимпиада кестесі: 7 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *