Нұрбек Оралбай – Александр Хижняк: финалға болжам жасалды

LiveResult порталы  2024 жылғы Париж Олимпиадасының финалындағы қазақстандық Нұрбек Оралбай мен украиналық Александр Хижняк жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Нұрбек 24 жаста, спортшының бойы – 187 сантиметр. Ол қатарынан жеті жекпе-жекте жеңіске жеткен. Оралбай Олимпиадаға іріктеу турнирінде төрт жеңіс арқылы жолдама алған. Олимпиада ойындарында боксшы үш жекпе-жек өткізді, онда Питерсті, Аллахвердиевті және Пиналесті жеңді.

Александр 29 жаста. Спортшының бойы болашақ қарсыласынан бес сантиметрге төмен – 182 сантиметр. Боксшы қатарынан сегіз жекпе-жекте жеңіске жетіп келеді. Хижняк 2023 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы. Ол Токио Олимпиадасына қатысқан. Париждегі Олимпиадада Александр үш жеңіске жетті: Акиловті, Перейраны және Лопесті жеңді.

Қарсыластар бұрын-соңды кездескен емес.

Болжам: Нұрбек Оралбай жекпе-жекте жеңіске жетеді”, – деп жазады дереккөз.

Финал Франция астанасында 8 тамызға қараған түні Астана уақытымен 01:51-де өтеді.

Олимпиада кестесі: 7 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *