Англиялық экс-ойыншы Габриэль Агбонлахор Португалия құрамасының Еуропа чемпионатындағы нәтижесі жайында пікірін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Оның пікірінше, португалиялықтарға Криштиану Роналду бөгет болған.
“Мен Роналдудың фанатымын. Ол ғаламат ойыншы. Бірақ Криштиану бұл турнирде ештеңе істей алмады. Қауіпті шабуылдар ұйымдастырмады, прессинг жасамады, қорғанбады. Ол шабуылда көмектескен жоқ, болған мүмкіндіктерін пайдаланбады, қорғаушыларға қиындық қуғызбады.
Бірақ ол алаңға барлық уақытты өткізді. Роберто Мартинес Роналдуды қосалқы құрамда қалдырудан қорықты, салдарынан Португалия турнирден ұшып кетті”, – деді ол.
Португалия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Франциядан жеңілген болатын.
Роналду Еуро-2024 турнирінде бес матчқа қатысып, гол соға алмады.
One Response
Your article helped me a lot, is there any more related content? Thanks!