Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 7 тамызда қазақстандықтар бес спорт түрінде бақ сынады. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 7 тамыздағы нәтижесін ұсынады.
Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалда жеңілді. Ал оны жарыстан шығарған украиналық Жан Беленюк финалға шыға алмады, демек Тұрсынов қола медальға да таласу мүмкіндігінен айырылды.
Байдарка мен каноэде есуде қазақстандық спортшылар жартылай финалға шыға алмады.
Тхэквондода Самирхон Абабакиров 1/8 финалда жеңілді. Велотрекші Андрей Чугай іріктеуден өте алмады.
Байдарка мен каноэде есу
Байдарка-жекелей, 1000 м. Ерлер. Ширек финал
Бекарыс Раматулла – өз тобында 5-орын (3:45.77), жартылай финалға шықпады
Каноэ-жекелей, 1000 м. Ерлер. Ширек финал
Сергей Емельянов – өз тобында 3-орын (3:59.68), жартылай финалға шықпады
Грек-рим күресі
Ерлер, 87 кг. 1/8 финал
Нұрсұлтан Тұрсынов – Мохамед Метвалли (Египет) – 10:1
Ерлер, 87 кг. 1/4 финал
Нұрсұлтан Тұрсынов – Жан Беленюк (Украина) – 3:7
21:15. Ерлер, 77 кг. Финал
Демеу Жадыраев – Нао Кусака (Жапония) – 2:5, күміс жүлдегер атанды
Тхэквондо
15:37. Ерлер, 58 кг, 1/8 финал
Самирхон Абабакиров – Вито Дель Аквила (Италия) – 1:2
Велотрек
15:45. Спринт. Іріктеу
Андрей Чугай – 30-орын (10.047), іріктеуден өтпеді
Бокс
1:51. Ерлер, 80 кг. Финал
Нұрбек Оралбай – Александр Хижняк (Украина)