Бүгін қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина (WTA №4) мен Юлия Путинцева (WTA №35) Уимблдондағы кезекті кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
25 жастағы Рыбакина алғаш рет орталық кортта ойнайды. 1/8 финалда оның қарсыласы ресейлік Анна Калинская (WTA №18) болады. Бұл матч Қазақстан уақытымен 17:30-да басталады. Әзірше өзара текетіресте есеп тең – 2:2.
Ал 29 жастағы Путинцева латвиялық Елена Остапенкомен (WTA №14) күш сынасады. Олар №1 кортта бақ сынасады. Ойын шамамен 19:00-де бастау алады. Путинцева мен Остапенко арасындағы өзара кездесулер тарихы тең аяқталып тұр – 2:2.
Қазақстандық екі теннисшінің де матчтарын тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan сайтынан тамашалауға болады.
4
One Response
I don’t think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.