Олимпиада кестесі: 8 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының 13-жарыс күнінде қазақстандықтар бес спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Сондай-ақ, еркін күрес жарысы басталады. Қазақстаннан бірден екі балуан бозкілемге шығады.

Құзға өрмелеу спортында Әмір Маймұратов жартылай финалға шығуға тырысады.

8 тамыз кестесі

Байдарка мен каноэде есу
13:30. Каноэ-жекелей, 200 метр. Әйелдер. Бастапқы кезең
Мария Бровкова

Көркем гимнастика
13:00. 18:00. Жекелей көпсайыс. Іріктеу
Эльжана Таниева
Трансляция: Qazaqstan (13:00), QazSport (18:00)

Еркін күрес
14:30. Ерлер, 57 кг
Мейрамбек Қартбай – Бекзат Алмаз уулу (Қырғызстан)
14:30. Ерлер, 86 кг
Азамат Дәулетбеков – Аарон Маркэль Брукс (АҚШ)
Трансляция: “Хабар” (14:00)

Заманауи бессайыс
14:00. Семсерлесу. Іріктеу. Ерлер
Георгий Борода-Дудочкин
17:30. Семсерлесу. Іріктеу. Әйелдер
Елена Потапенко

Спорттық құзға өрмелеу
15:41. Жылдамдық. Ширек финал. Ерлер
Әмір Маймұратов
Трансляция: “Ел Арна” (13:00, 15:20)

Парижде үш “күміс”. Демеу Жадыраев туралы не белгілі?

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *