Қазақстандық клуб өз стадионында ойнай алмайтын болды

Петропавлдық “Қызылжар” биыл енді “Қарасай” стадионында ойнай алмайды. Петрпавлдағы арена жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, стадион 2025 жылы ақпанда ашылады. Жөндеу жұмыстарына басында екі миллиард теңге жұмсалады деп жоспарланған, кейін шығын 1,3 миллиардқа қысқартылды.

Енді “Қызыл-Жар” маусымның қалған матчтарын екі мың жанкүйер сыятын “Жастар” стадионында өткізеді.

Айта кетейік, қазір елордалық екі клуб матчтарын өз алаңында өткізе алмай жүр. “Астана” өз алаңындағы ойындарын Алматыда, “Жеңіс” Қарағандыда қабылдайды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *