Панама құрамасының шабуылшысы Фредди Гондола “Ақтөбе” ФК сапына ауысты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бұл жайында танымал “Серый CARDINAL” телеграм-арнасы жазды.
“Фредди Гондола Қазақстанға ұшып келіп, “Ақтөбеге” қосылды. Ол “Атырауға” қарсы ойнай қоймас, ал “Қайсармен” ойында ҚПЛ-да дебютін өткізуі мүмкін”, – деп жазды дереккөз.
Гондоланың “Ақтөбемен” келісімшарт мерзімі болжам бойынша 1-1,5 жылға жасалады.
Айта кетейік, Фредди биылғы Америка кубогына қатысып, үш матч ойнап, бір нәтижелі пас берген. Оның командасы турнирдің ширек финалына дейін жеткен болатын.
Бұған дейін Гондола израильдік “Маккаби Бней Рейне”, костарикалық “Алахуэленсе”, “Белен”, венесуэлалық “Депортиво Тачира”, “Яракуянос”, мексикалық “Ла-Пьедад”, панамалық “Тауро” және “Университарио” клубтарында ойнаған.