Олимпиада кезінде Қазақстан құрамасының өкілі қайтыс болды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі де растады.

“Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды”, – деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп Kazinform тілшісіне берген жауабында.

Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар