OnlyFans жұлдызы Париж Олимпиадасында тарихи жетістікке жетті

OnlyFans жұлдызы әрі Канада құарамасының жеңілатлеті Алиша Ньюман Париж Олимпиадасында медаль жеңіп алып, бұл оқиғаны ерекше биімен атап өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ньюман сырықпен секіру жарысында үшінші орын алды. Канадалық спортшы 4,85 метр биіктікті бағындырып, жаңа ұлттық рекорд орнатты.

Алиша жетістігінен кейін “Стад де Франс” стадионындағы көрермендер алдында қуаныштан билеп, тверк орындады.

Айта кетейік, Ньюман сырықпен секіруден Олимпиада медалін жеңіп алған алғашқы канадалық спортшы атанып, 1912 жылдан бері Канада сапынан осындай жетістікке жеткен жалғыз спортшы болды.

Алиша 2012 жылдан бері сырықпен секірумен айналысады. Сонымен қатар, ол – OnlyFans-тың танымал моделі. Батыс БАҚ-тың есептеуінше, спортшы ашық фотосуреттері арқылы жылына шамамен миллион еуро табыс табады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇨🇦Alysha Newman Oly🇨🇦 (@alyshanewman)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар