Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек өткізетін бокс кешінің андеркардында кімдер шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Бокс кеші 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Басты жекпе-жекте Әлімханұлы мен аустралиялық үміткер Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) жұдырықтасады.
Оның алдында жеңіл салмақтағы америкалық проспект Рэймонд Мураталья (20-0, 16 КО) отандасы, экс-чемпион Тевин Фармермен (33-5-1, 8 КО) кездеседі.
Бокс кешінің басқа да жекпе-жектері:
Рубен Вийя (22-1, 7 KO) – Сулейман Сегава (16-4-1, 6 KO);
Джонатан Лопес (15-0, 11 KO) – Леонардо Падийя (23-5-1, 16 KO);
Чарли Шихи (9-0, 5 КО) – Рикардо Кирос (13-4, 7 КО);
Арт Баррера, младший (5-0, 4 КО) – Хавьер Майорал (6-5-1, 1 КО);
Хавьер Самаррон (8-0, 4 КО) – Майкл Бракамонтес (9-1-1, 5 КО);
Исраэль Меркадо (10-1-1, 7 КО) – Дондрелл Хейнс (8-1, 7 КО).
One Response
Your article helped me a lot, is there any more related content? Thanks!