Франция астасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Болгарияның көркем гимнастика спортшысы Боряна Калейн Димаш Құдайбергеннің “SOS d’un terrien en détresse” композициясына өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нәтижесінде Димаштың әнінде өнер көрсеткен гимнаст Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Димаш есімі әлемге дәл осы ән арқылы танылған болатын. Ол 2017 жылы Қытайдағы “I’m a singer” жобасына қатысып, “SOS d’un terrien en détresse” әнін француз тілінде шырқаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 35-орында тұр. Олимпиада ойындары 11 тамыз күні мәресіне жетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Kudaibergen CZECH FANS ?? (@dimash.kudaibergen_czech.fans)