Трансгендер деп айыпталған боксшы Иман Хелиф Олимпиада чемпионы атанды

Париж Олимпиадасында әйелдер боксынан басы дауға қалған Алжир боксшысы Иман Хелиф чемпион атанды. Боксшы ақтық сында қытайлық Чнг Луиді сенімді жеңген, деп хабарлайды Nur.kz.

66 келдіде әйелдер боксынан Алжир боксшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында қытайлық қарсыласын төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Еске сала кетейік, әлемдік БАҚ-та Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы жекпе-жектері қызу талқыланған еді. Көпшілік Алжир боксшысы “трансгендер” болуы мүмкін деген болжамдар жасаған болатын.

Желіде тарап кеткен қауесеттерден кейін Иман Хелифтің әкесі Амар Хелиф спортшының қыз екенін дәлелдеу үшін оның құжаттары мен бала күнгі суреттерін көрсетті.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар