Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстанның Бірінші лигасы аясында өткен “Екібастұз” бен “Қайрат” командалары арасындағы ойынды тексеруге уәде берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Айта кетейік, Қазақстанның Бірінші лигасының 17-ші турында “Екібастұз” алматылық “Қайрат” футбол клубының жастар командасымен кездесті. Ойын барысында 1:0 есебімен “Қайрат” командасы алға шыққан кезінде коэффициенттердің күрт өсуі тіркелді, бұл футбол жұртшылығына күдік туғызды. Кездесу қорытындысы бойынша алматылықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.
“Облыс спорт басқармасына осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізуді тапсырамын”, — деді облыс әкімі Асаин Байханов аталмыш ойынға қатысты.
3