Қазақстан Париж Олимпиадасының 15-жарыс күнінен кейін медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Кешегі жарыс күнін Қазақстан 36-орынмен бастаған, 10 тамызда ел қоржынына жүлде түспеді. Қазір Қазақстан бір алтын, үш күміс және үш қола медальмен 41-орында.
Медальдар есебінде Қытай көш басына шықты – 39 алтын, 27 күміс және 24 қола. АҚШ (38-42-42) екінші орында. Ал Аустралия (18-18-14) үшінші орында келеді.
Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда сегіз алтын, екі күміс және үш қола медаль бар, олар 13-орында тұр. Қырғызстан болса, екі күміс және төрт қола жүлде еншілеп, 68-сатыда.
Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 91 мемлекет жүлде жеңіп алды.
28