UFC жұлдызы Чимаевтың басы дауға қалды

Ресейлік файтер Хамзат Чимаев (13-0) криптовалютаға байланысты алаяқтық дауына тап болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

UFC орта салмақ рейтингінің 11-нөмірі таяуда SMASH криптовалютасына жарнама жасаған. Спортшыға сенген фанаттар оны жаппай сатып алмай, артынша құны тым түсіп кеткен. Соның арқасында алаяқтар миллион долларлап пайда көрген.

Чимаевтың менеджері Мехди Шаммас бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

“SMASH криптовалютасына қатысты кейінгі ақпараттар жайында айтқым келеді. Маған Хамзаттың фанаттарымыз деген бір топ адам байланысқа шықты. Олар өз жобасын жарнамалап, қысқа видео түсіргісі келді. Мен келістім.

Олар мені алдаған шығар. Хамзат оған араласқан жоқ, білетіні сіздердей ғана. Сондықтан жаңалық жаман блып тұр, қазір жауапты адамдарды іздеп жатырмыз. Хамзат пен осы оқиғаға тап болғандардан кешірім сұраймын. Қазір басқаша жасар едім. Түсінгендеріңізге рақмет. Бәрін хабарлап отырамын”, – деді ол.

Чимаевтың өзі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді. Ол кейінгі декпе-жегін былтыр қазанда өткізіп, Камара Усманды жеңген болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар