Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2025 жылы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.
«Терең ой-толғаулар мен кең ауқымды талқылаулардың нәтижесінде, сондай-ақ осы жерде отырған отбасыммен кеңескеннен кейін, өкілеттігімді Олимпиада хартиясында қарастырылған мерзімнен артық ұзартпауды ұйғардым», — деді Бах.
Бұған дейін ХОК Бахтың өкілеттігін ұзарту туралы шешімді кейінге қалдырған еді.
2