Өзбек боксшылары жүрегі тоқтап қалып, ауруханаға түскен бапкерінің жағдайын білуге барды

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Парижде өткен Олимпиада ойындары аясында есінен танып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын. Өзбекстандық боксшылар жарыс аяқталған соң бапкерінің жағдайын білу мақсатында ауруханаға арнайы барды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

8 тамызда Хасанбой Дусматов жеңіп алған алтын медальді тойлау кезінде бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышевтың кенеттен жүрегі тоқтап қалған еді. Ол алғашқы медициналық көмектің арқасында аман қалып, ауруханаға жеткізілді.

Өзбекстандық журналист Жалол Ахмедов Х желісіндегі ресми парақшасына жариялаған видеода бас бапкердің жағдайын білу мақсатында боксшылардың барғанын, Толқын Қылышевтің мойнына алтын жүлделерді таққанын көруге болады.

Айта кетейік, Толқын Қылышевтің басшылығымен бокстан Өзбекстан құрамасы бес алтын медаль жеңіп алып, бұл спорт түрі бойынша жаңа рекорд орнатты. Париж Олимпиадасында бокстан Өзбекстанның ерлер құрамасы жеті салмақ дәрежесінің бәрінде өнер көрсетті.

Оның ішінде бес салмақта өзбек боксшылары алтын жүлдеге ие болды: Хасанбой Дусматов (51 кг дейін), Абдумалик Халоков (57 кг дейін), Асадхужа Муйдинхужаев (71 кг дейін), Лазизбек Муллажонов (92 кг дейін) және Баходир Жалолов (92 кг жоғары). Сонымен қатар, Хасанбой Дусматов пен Баходир Жалолов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар