Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский армяниялық “Вест” клубының құрамына қосылды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
30 жастағы футболшы осы маусымды Қазақстанның Бірінші лигасындағы “Екібастұз” клубының сапында бастаған.
Бұған дейін ол “Оқжетпес”, “Ақтөбе”, “Қайрат”, “Жетісу”, “Қайсар”, “Тұран”, израильдік “Хапоэль” Петах-Тиква және армениялық “Лори”, “Севан”, “Нораванк”, “Алашкерт” клубтарында ойнаған.
3