Қазақстандық велошабандоз шетелдік командаға ауысты

31 жастағы қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Israel-Premier Tech құрлықаралық велокомандасымен 2026 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Луценко 2013 жылдан бастап Astana командасында өнер көрсетіп, 43 рет жеңіске жетті. Ол – “Тур де Франс” және “Испания Вуэльтасы” кезеңдерінің чемпионы, “Оман турының” екі дүркін, “Алматы турының” үш дүркін, Гуанчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы.

Сондай-ақ “Түркия туры”, “Джиро Сицилия”, “Джиро д’Абруццо”, “Норвегияның арктикалық жарысы” және “Хайнань турындағы” жеңістері бар. Бұдан бөлек Луценко жеке уақыт жарысында және топтық сайыста Қазақстанның үш дүркін жеңімпазы.

“Astana командасында өткізген 12 жылдан кейін мен жаңа мақсаттарға жету үшін мотивация іздедім. Кейде жаңа нәрсеге қол жеткізу үшін жайлы аймақтан кету керек. Astana Qazaqstan-дағы уақытым туралы тек жақсы нәрселерді айта аламын. Мен осы команданың арқасында көп нәрсеге қол жеткіздім. Бірақ жаңа ортада үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Israel-Premier Tech командасының қызметкерлері мен велошабандоздарының арасында менің көп досым бар, бұл команданың тез дамып келе жатқанын көрдім. Болашақта жаңа командам тек күшейе түседі деп ойлаймын”, – деді қазақстандық велошабандоз.

Айта кетейік, Алексей Луценко тағы бір қазақстандық велоспортшы Евгений Федоровпен Париж Олимпиадасында командалық сынға қатысқан еді. Луценко жарысты 52-орынмен аяқтаса, Федоров мәреге жете алмады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар