Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін қашан өткізеді: UFC президенті жауап берді

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтер Конор Макгрегор қашан жекпе-жек өткізетінін айтты, деп хабарлайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

“Біз сөйлестік, ол жекпе-жекке шыққысы келеді. Біз бұл мәселені шешеміз. Алайда ол биыл жекпе-жекке шықпайды”, – деді Дана Уайт ESPN-ге берген сұқбатында.

Дегенмен, Конор Макгрегор Х желісіндегі ресми парақшасында желтоқсан айында жекпе-жек өткізгісі келетінін және қыркүйекте дайындықты бастап кететінін мәлімдеді.

«Аһ, Дана, жекпе-жекті желтоқсан деп белгілейік. Келесі айда мен дайындықты бастаймын. Желтоқсан! Дана мен UFC-ге желтоқсан айында кездесуге шыққымыз келетінін айтыңдаршы. Біз желтоқсан айында жекпе-жекке шығуға әбден лайықпыз», – деп жазды Конор Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында.

Конор Макгрегор 2021 жылдың шілдесінде Дастин Порьемен кездесуде аяғын сындырғаннан бері жекпе-жек өткізбеді.

Файтер биылғы жылдың 29 маусымында UFC 303 турниріне Майкл Чендлерге қарсы кездесу өткізбек болған, бірақ Макгрегор саусағын сындырып алып, жекпе-жекке 16 күн қалғанда бас тартуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Конор Макгрегор осы уақытқа дейін 28 кездесу өткізіп, 22 жеңіске жетсе, 6 рет жеңілген.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *