Қазақстан бокс федерациясы Париждегі сәтсіздіктен кейін реформаны бастап кетті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Бокстан спорт шебері, бокстан республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынғали Еділов федерация президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Айта кетейік, ғасырлар тоғысында Аустралияның Сидней қаласында өткен Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасы жеті боксшымен барып, 4 медаль алған еді. Оның ішінде екеуі алтын болды. Сол боксшыларды баптаған Тұрсынғали Еділов болатын.
Тұрсынғали Еділов 1959 жылы Алматы облысының Ұйғыр ауданында туған.
3