«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д.М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды.
Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.