Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Илия Топурияның үндеуіне жауап қайтарды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Шавкат Рахмонов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді. Онда фанаттардың бірі Илия Топурияның үндеуі жайлы сұраған.
“Топурия ма? Оған мүмкіндік жоқ қой. Оның бойы қанша? 170 сантиметр ме? Менің белімнен келеді ғой. Оның салмағы да жетпейді. Шығып жатса, ондай кішкентайларды аямай қуып, ұрасың ғой”, – деп әзілдеді Рахмонов.
Рахмонов бұған дейін де Топурияны танымал мем арқылы мазақ қылған еді.
“Ержан, тұрсаңшы”. Шавкат Рахмонов UFC чемпионын мазақ етті
42