“Ержан, тұрсаңшы”. Шавкат Рахмонов UFC чемпионын мазақ етті

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурияның жекпе-жекке “шақыруына” әлеуметтік желіде жауап берді, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурияның жекпе-жекке “шақыруына” жауап бергенімен, шын мәнінде Топурия оған ешқандай ресми шақыру жасамаған.

Шавкат Рахмоновтың жауабы Telegram желісіндегі Main Card арнасының қалжың постына қатысты болған сияқты. Бұл жазбада Илия Топурияның қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырғаны туралы мәлімет берілген. Осыны байқаған Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі ресми парақшасында әзіл аралас жауап қайтарды.

“Ержан, тұрсаңшы. Топурия менімен төбелескісі келетінін естідім. Онымен бір қолмен төбелесуге дайынмын”, – деді Шавкат Рахмонов.

Ал грузиялық журналист Георгий Кокиашвили UFC чемпионы Илия Топурия бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Топурия Шавкатпен жекпе-жекке шығуға ешқашан ниет білдірмеген.

“Илия ешқашан Шавкатпен төбелескісі келетінін айтқан емес. Ол тек Instagram-дағы тікелей эфирде Шавкат Белал Мухаммадты жеңеді деп қана айтты. Бірақ, кейбір ресейлік медиалар бұл жайлы жалған ақпарат таратып, жағдайды ушықтыруға тырысып жатқан сияқты,” – деп жазды Кокиашвили Х желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде кездесу өткізбекші болған. Алайда Белал Мухаммад аяғына инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Қазіргі таңда Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас іздестірілуде.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар