Өзбекстанның бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
World Boxing ұйымының ресми сайтындағы ақпарат бойынша, Өзбекстанның жаңа ұйымға қосылу туралы шешім америкалық Колорадо-Спрингс қаласында өткен Халықаралық бокс федерациясының конгресінде жарияланды.
Одан бөлек Гватемала мен Лаос та осы ұйымның мүшесі болды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы ресми түрде World Boxing ұйымының мүшесі атанған болатын. Осылайша, 2023 жылдың сәуірінде құрылған жаңа ұйымға қазіргі таңда 55 ел мүше болып отыр.
Ресми: Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына енді
49